×

Тарихта алғаш рет Қазақстан жасөспірімдер Олимпиадасынан алтын медаль жеңіп алды

Илья Мизерных 2007 жылы 2 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген

Тарихта алғаш рет Қазақстан жасөспірімдер Олимпиадасынан алтын медаль жеңіп алды

Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасы басталды. Жарыстың алғашқы күні шаңғымен тұғырдан секіру сайысында 38 қарсыласпен сынға түскен Илья Мизерных чемпион атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.


1. Илья Мизерных (Қазақстан) – 214 ұпай
2.Ники Хаммл (Австрия) – 210,7 ұпай
3. Лукаш Лукащук (Польша) – 209,7 ұпай.

Ал тағы бір отандасымыз Илья Шильников 124,4 ұпаймен 30-орынға тұрақтады. 
Айта кетейік, Илья Мизерных 2007 жылы 2 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Шаңғымен тұғырдан секіру бойынша ҚР спорт шебері. 2023 жылы «Азия балалары ойындары» халықаралық жарысында топ жарған. 

Жарыстан кейін спортшы эмоциясын жасыра алмады. Жанкүйерлеріне алғысын білдірді.
 

«Бұл керемет! Қазақстан халқы саған жанкүйер болып, қолдап жатқанын сезіну ерекше. Маған жанкүйерлік танытқан, жалпы теледидар алдында осы жарысты көрген барша қазақстандықтарға ерекше алғысымды білдіремін», – дейді  Илья Мизерных.

Еске салсақ, осыған дейін жылдары өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарынан Қазақстан 1 күміс, 4 қола медаль алған. Бұрын-соңды алтын болмаған.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев
Бүгін, 14:16

Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев

Клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді
Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты
2016 жылы РФ президенті Владимир Путиннің қолынан Ресей азаматтығын алған.
2024 жылдың маусымында Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →