×

Жәмилә Бақбергенова финалда Олимпиада жүлдегері Эльмира Сыздықованы жеңді

Жәмилә Бақбергенова қазір 76 келі салмақта күресіп жүр

Жәмилә Бақбергенова финалда Олимпиада жүлдегері Эльмира Сыздықованы жеңді
Фото: ашық дереккөзден

Бұл күндері Астанада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Әйелдер күресінен жалпы командалық есепте Астана қаласының бұрымдылары 4 алтын жеңіп алды. Олардың арасында үш дүркін әлем чемпионатының жүлдегері Жәмилә Бақбергенова да бар, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жәмилә осыған дейін 72 келіде күресіп келді. Бұл салмақта үш рет әлем чемпионатында жүлдегер болды. Азия құрлығында үздік шықты. Бірақ ол салмақ Олимпиада бағдарламасында жоқ. Сондықтан 76 келіге ауысты. Дегенмен, бұл салмақта алдымен қарағандылық Эльмира Сыздықованы жеңу керек болған. Қарсыласы осал емес. 2016 жылы Рио Олимпиадасында қола жүлде алған.

Астанадағы чемпионаттың топтық кезеңдегі іріктеуінде Эльмира 5:2 есебімен басым түскен. Кейін Сыздықова финалға өткен соң, Бақбергеноваға да жарысты жалғастыруға мүмкіндік туды. Оны 28 жастағы спортшы тиімді пайдаланды. Финалда екеуі қайта күресті. Қарағандылық спортшы 3:1 есебімен алда тұрып, жеңістен айырылды. Жәмилә Бақбергенова 76 келіде Қазақстан чемпионы атанды.

Ол енді 19-21 сәуірде Қырғызстан астанасы Бішкекте өтетін Олимпиада ойындарының лицензиялық жарысына қатысады.

Өзге салмақтарда мына балуандар топ жарды:

50 келі

1.Лаура Ғаниқызы (Алматы қаласы)

2.Ирина Жәнібекова (Қарағанды облысы)

3.Камила Әпекова (Павлодар облысы)

3.Светлана Анкичева (Астана қаласы)

53 келі

Жұлдыз Ешімова (Астана қаласы)

2.Аяжан Марқашева (Түркістан облысы)

3.Марина Седнева (Алматы облысы)

3.Мадина Жеңісқызы (Алматы қаласы)

55 келі

1.Зүлфия Яхьярова (Қарағанды облысы)

2.Алиана Махамбетова (Қарағанды облысы)

3.Ғазиза Рысалды (Алматы қаласы)

3.Айнұр Әшімова (Алматы облысы)

57 келі

1.Эмма Тисина (Астана қаласы)

2.Алтын Шағаева (Алматы облысы)

3.Лаура Алмағанбетова (Қостанай облысы)

3.Шұғыла Өмірбек (Түркістан облысы)

59 келі

1.Диана Каюмова (Астана қаласы)

2.Гүлдана Бекеш (Қарағанды облысы)

3.Екатерина Бельченко (СҚО)

3.Мадина Аман (Түркістан облысы)

62 келі

1. Ирина Кузнецова (Ақмола облысы)

2.Жаңыл Бекен (Алматы қаласы)

3.Тыныс Дубек (Алматы облысы)

3.Айя Шөкенова (Жетісу облысы)

65 келі

1.Ирина Казюлина (Абай облысы)

2.Виктория Хусаинова (Ақмола облысы)

3.Гаухар Мұқатай (Алматы қаласы)

3.Гүлдана Өсербай (Түркістан облысы)

68 келі

1.Елена Шалыгина (Шымкент қаласы)

2.Мәдина Бақбергенова (Астана қаласы)

3.Бейбіт Сейдуалы (Шымкент қаласы)

3.Альбина Қайыргелдинова (Ақмола облысы)

72 келі

1.Анастасия Панасович (БҚО)

2.Меруерт Иманбекова (Алматы қаласы)

3.Мейрамгүл Мақсот (БҚО)

3.Шәмшиябану Тастанбек (Түркістан облысы)

76 келі

1.Жәмилә Бақбергенова (Астана қаласы)

2.Эльмира Сыздықова (Қарағанды облысы)

3.Гүлмарал Еркебаева (Астана қаласы).

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды
29.04.2024ж. 21:59

Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды

Олар жартылай финалда Индонезиядан басым түсті
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →