×

Тұрлыханов Головкиннен неге сезіктенеді? Енді Ұлттық олимпиада комитетін басқару кімге бұйырмақ?

Әзірге 60 жастағы спорт менеджері ресми түрде үміткерлер қатарына іліккен жоқ

Тұрлыханов Головкиннен неге сезіктенеді? Енді Ұлттық олимпиада комитетін басқару кімге бұйырмақ?

Алдағы 26 ақпанда Ұлттық Олимпиада комитетінің жаңа президентін сайлау өтеді. Басты кандидат, әзірге жалғыз ресми ұсынылған үміткер – боксшы Геннадий Головкин ғана. Дегенмен, спорт саласының ардагерлері даңқты балуан, Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыхановты да ұсынып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әзірге 60 жастағы спорт менеджері ресми түрде үміткерлер қатарына іліккен жоқ. Өзі де бұл туралы ештеңе айтпады. Есесіне, Садық Мұстафаев, Несіп Жүнісбаев сияқты спорт ардагерлері Дәулет Болатұлынан артығы жоқ деп санайды.
Осы ретте бір қызықты деректі келтірейік. Ол 2000-2006 жылдары Туризм және спорт агенттігін, кейіннен спорт комитетін басқарды. Сол тұста Қазақстан екі жазғы Олимпиадаға қатысты. Біріншісі, Сиднейде, екіншісі Афиныда өтті. Дәулет Тұрлыханов осы екі Олимпиада ойындарында күміс алған қос спортшыға күмәнмен қарайды.


«2000 жылғы Сиднейдегі Олимпиада ойындарындағы велошабандоз Александр Винокуровтың германиялық Ян Ульрихтен жеңілуі мен үшін әлі күнге дейін сұрақ. Сол секілді 2004 жылы Геннадий Головкиннің Афины Олимпиадасының финалдағы нәтижесіне сұрақпен қараймын. Ол финалда ресейлік Гайдарбек Гайдарбековпен жолыққан», – дейді ол «Нұр Тілеу» бағдарламасына берген сұхбатында.

Өйткені жасыл құрлықтағы Олимпиада ойындарында Винокуровтың алдын ораған Ян Ульрих өзінің командаласы болатын.  Яғни Олимпиадаға екеуі де «Т-Мобайл» командасының мүшесі ретінде келді. Дәулет Болатұлы сол үшін де сезіктенетін шығар.
Головкин де Олимпиададан кейін Қазақстанда көп тұрақтаған жоқ. Алдымен Германия, сосын АҚШ-қа кетті.
Яғни, Дәулет Болатұлының жүрегінің түкпірінде осындай реніштер бар болуы мүмкін.
 
Енді екеуінің жетістіктері жайлы айтсақ, Геннадий Головкин әзірге спортшы карьерасын ресми аяқтаған жоқ. Сондықтан бапкер немесе менеджер ретінде тәжірибесі жоқ. Ал Тұрлыханов бұл жолдың барлығынан өтті.
Спортшы Дәулет Тұрлыханов 90-жылдары бапкерлікті қоса атқарып жүрді. Өзі де күреседі және бас бапкер ретінде грек-рим күресінің балуандарына да жауапты болды.

«Аға бапкер болып бес әлем чемпионын дайындадым. Олар: Юрий Мельниченко, Мхитар Манукян және Бақтияр Байсейітов. Алғашқы екеуі екі реттен топ жарды. Бес жыл жаттықтырушы болғанымда бір олимпиада, бес әлем, 20-дан астам Азия чемпионы шықты», – дейді Дәулет Тұрлыханов «Нұр Тілеу» бағдарламасына берген сұхбатында.

Осы жерде айта кететіні, Юрий Мельниченко Қырғызстаннан, Мхитар Манукян Армениядан келген. Тек Бақтияр Байсейітов өз елімізде туған. Бұл спортшылардың барлығының жеке жаттықтырушылары болды. Ал Дәулет Болатұлы тек бас бапкер ретінде құраманы әлемдік додаларға бастап барып жүрді.
 
Жоғарыда айтқанымыздай, 2000-2006 жылдары ел спортын басқарды. Қазақстан сол уақытта екі жазғы, екі қысқа Олимпиада ойындарына қатысты. Бірден айтайық, қысқысынан мүлдем медаль болған жоқ.
Ал жазғы Олимпиададан Сиднейде жоғары нәтиже тіркелді. Жерлестеріміз 3 алтын мен 4 күмісті қоржынға салды. Жалпы командалық есеп 22-орынға тұрақтадық. 2004 жылы Афиныда көрсеткіш төмендеп, бір алтын, 4 күміс, 3 қола медальмен 40-орынға сырғыдық. Головкиннің алтын алмағанына осыдан соң ренжіген болар. Өйткені ол чемпион атанғанда Қазақстанның рейтингтегі орны әлдеқайда жақсарар еді...
Айтпақшы, Афины Олимпиадасының алдында спорт журналисі, сол кезде «Sport&KS» газетінің бас редакторы болған Несіп Жүнісбаев «Егемен Қазақстан» газетіне «Қазақ спорты қайда барасың?» деген проблемалық мақала жариялайды. Осыдан кейін Дәулет Тұрлыханов агенттік қарайтын газет редакторын қызметінен босатады. Бұл жағдай қоғамда резонанс тудырып, біраз шу болған.

Ал Дәулет Тұрлыханов 2006 жылы спорт агенттігінен кеткен соң,  спорт саласында басшы болмады. Тек күрестің айналасында жүрді. Кейіннен грек-рим федерациясына вице-президент болып тағайындалды. Ал 2021 жылы грек-рим, еркін және әйелдер күресінің федерациясының президенті болды.
Былтыр Ризабек Айтмұқан еркін күрестен қазақ жастарынан алғаш болып, әлем чемпионы атанды.
Ал грек-римнен әлем чемпионатында соңғы алтын 1999 жылы бұйырған.

Айта кететін бір жайт, Дәулет Тұрлыханов былтыр наурызда депутат болып сайланғалы басынан дау арылмай қойды. Әсіресе, отбасылық мәселелер көбейіп кетті. Немере інісі, әнші Рахат Тұрлыханов әйелін қайта-қайта ұрғаны үшін бірнеше тәулікке қамалып шықты.
Оның алдында Нұрасыл атты ұлы әскери борышын өтеп жүріп, демалысқа келгенде белгілі адвокатты соққыға  жығып, істі болды.  Кейіннен тағы бір ұлы Әкежан қызды соққыға жыққаны айтылды.
Депутаттың өзі Ұлттық құрылтай құрамынан шығарылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Жағдай оңай емес». Ресейлік маман Черчесов туралы айтты
Бүгін, 14:55

«Жағдай оңай емес». Ресейлік маман Черчесов туралы айтты

Қазір Қазақстан В лигасының 3-тобында соңғы орында тұр
Бұл турнирді өткізу құқығына Перу мен Чили мемлекеттері үміткер болған
Қазіргі уақытта бұрымды боксшылар Азия чемпионатына дайындық үстінде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →