×

Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды

Ол бұл қызметте Тимур Құлыбаевты ауыстырды

Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды
Фото: olympic.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы болып сайланды. Боксшы бұл қызметті алдағы төрт жыл көлемінде атқарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін, 26 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің кезектен тыс Бас Ассамблеясы өтті. Отырыс барысында ҰОК басқарушысы болып Геннадий Головкин таңдалды.

Бұған дейін Ұлттық Олимпиада комитетінің тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысы өткен болатын. Іс-шара барысында президенттікке кандидаттарды ұсыну нысандары қаралды.

«Федерациялар ҰОК президенті лауазымына Геннадий Геннадиевич Головкиннің кандидатурасын ұсынды», – делінген комитеттің ҰОК Бас Ассамблеясының мүшелеріне жолдаған ресми хатында.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық олимпиада комитетін Тимур Құлыбаев басқарған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы элитада қала ала ма?
Бүгін, 10:06

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы элитада қала ала ма?

Құрамамыздың еншісінде үш ұпай ғана бар.
Ол тек Олимпиада чемпионы Лю Хуаньхуадан ұтылды
Енді оны Ауғанстан аумағында ойнауға болмайды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →