×

Қазақстанның 26 дзюдошысының 25-і қатарынан екі Grand Slam-да жеңіліп қалды

Қазақстанның 26 дзюдошысының 25-і қатарынан екі Grand Slam-да жеңіліп қалды
Фото: olympic.kz

Қазақстан дзюдошылары үшін жыл басынан бері қатысқан жарыстар аса сәтті болып тұр деп айта алмаймыз. Гран-при, Гранд-слэм жарыстарына кемі 10-нан астам балуан барып, тек біреуі жүлде алып жүр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мысалы, наурыздың 1-3 аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласындағы Гранд-слэмге 26 спортшы барды. Соның 25-і жеңіліп қалды. Тек Ташкентте дүниеге келіп, кейін Қазақстанға қоныс аударған Абиба Әбужақынова ғана күміс медальға қол жеткізді.

Данияр Шамшаев (73 келі) пен Абылайхан Жұбаназардың (81 келі) қола медальға мүмкіндігі болған. Бірақ әртүрлі себептермен жүлдеден тыс қалды.

Қазақ дзюдошысының мақтанышы Елдос Сметов (60 келі) ширек финалда қарсыласының мойнын бұрап жіберді. Бұл әдіске дзюдода тыйым салынған, себебі спортшының денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан төреші Сметовке «хансоку-маке» берді. Бұл ескертуден кейін спортшы жарысты жалғастыра алмады.

Бұған дейін Бакудегі  Grand Slam-де  26 дзюдошының 25-і жеңіліп қалған. Ол жарыста да Абиба Әбужақынова қола медаль еншілеген.

Ақпан айында Париждегі жарысқа да 14 балуан барып, тек  Нұрлыхан Шархан (100 келі) үздік үштіктен көрінген. Қаңтар айында Португалиядағы Гран-приде Абиба Әбужақынова қола медальға тұрақтаған. 

 

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Министр Ризабек Айтмұханға жаңа атақ берді
Бүгін, 15:49

Министр Ризабек Айтмұханға жаңа атақ берді

Ризабек Айтмұхан мен Ержет Жарлықасын жаңа спорт дәрежесін алды 
Клубтарды қаржыландыру мәселелері - айтылмайтын тақырып.
Ержет Жарылқасынның қоржынында 47 000 ұпай бар
Бұған дейін Рыбакина  екі ойында есе жіберген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →