Ол финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда үшінші турнирде жеңіске жетті
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда үшінші турнирде жеңіске жетті. Оның алдында Брисбен (Австралия) және Әбу-Дабидегі (БАӘ) жарыстарда топ жарған.
Бұған дейін жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекті үйіне қайтарған еді.
Айта кетейік, Штутгарттағы WTA 500 - Porsche Tennis Grand Prix турнирінің жүлде қоры 922,5 мың долларды құрайды. Жеңімпаз ірі көлемде қаржылай жүлдемен бірге 500 рейтингтік ұпай және Porsche автокөлігін береді. .