×

Елдос Сметов мен Абиба Әбужақынова әлем чемпионатының қола жүлдесіне күреседі

Финалдық кезең Астана уақытымен сағат 19:00-де

Елдос Сметов мен Абиба Әбужақынова әлем чемпионатының қола жүлдесіне күреседі
Ашық дереккөздерден

БАӘ астанасы Абу-Дабиде басталған дзюдодан әлем чемпионатының алғашқы жарыс күнінде екі қазақ балуаны қола жүлдеге таласатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Атап айтсақ, әйелдер арасында 48 келіде күрескен жартылай финалда моңғолиялық Бавудорж Батаарсухтан жеңіліп, Әбу-Дабидегі әлем біріншілігінде үшінші орын үшін белдесетін болды. Оның қарсыласы – Түркия спортшысы Тугже Бедер.

Ал еліміздің даңқты балуаны, Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов  ширек финалда Блиевтен айласын асыра алмады. 
Оған дейін Елдос алғашқы белдесуінде Вьетнам балуаны Чу Дук Датты, екінші айналымда бразилиялық Мишель Августоны иппонға түсірген.
Енді отандасымыз қола жүлде үшін жапониялық Тайки Накамурамен кездеседі. 
Финалдық кезең Астана уақытымен сағат 19:00-де.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ел балуандары Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Кеше, 14:55

Ел балуандары Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан Азия чемпионатында жалпы саны 38 медаль жеңіп алған
Жануарды арнайы жабдықтарды пайдалана отырып құтқарып қалған
Оған ұлттық құрама мен Қазақстандағы футбол туралы айтқан өткір сөзінен соң әлдекімдер қоңырау шалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →