Антикор Туризм және спорт министрлігінің атына жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар енгізген
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Қазақстанда спорт атақтарын негізсіз берген адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында аралас жекпе-жек спортшысы Арман Әшімовтің жалған спортшыларға «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» және «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері» спорттық атақтарын негізсіз беру туралы бейнеақпараты зерделенді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған жарияланымға уақытылы ден қойып, сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Агенттіктің ұсынысы бойынша жалған спортшылар спорттық атақтарынан айырылды», - деп хабарлады Антикор.
Антикор Туризм және спорт министрлігінің атына жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар енгізген.
Айта кетейік, Арман Әшімов өз мәлімдемесінде Тараз қаласында спортқа мүлде қатысы жоқ Малдатаев Әділбек Бауржанұлы «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» деген атақ алғанын, ал оның ұлы Бауыржан Әли Әділбекұлы әлем чемпионы атанып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алғанын жазған болатын.