×

Париж Олимпиадасына Елдос Сметов баратын болды

60 келіде күресетін үш балуан олимпиадалық рейтингке енген еді

Париж Олимпиадасына Елдос Сметов баратын болды
Фото: ашық дереккөзден

Дзюдодан Париж Олимпиадасына баратын Қазақстан балуандары толығымен анықталды. Бүгін ел ішіндегі өзара іріктеуде 60 келіде Елдос Сметов жеңіске жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

60 келіде күресетін үш балуан олимпиадалық рейтингке енген еді. Федерация үшеуін өзара күрестірді. Атап айтсақ, Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин және Нұрқанат Серікбаев. Осылардың арасында Елдос Сметовтің бағы жанды. Сөйтіп, 31 жастағы спортшы өзінің үшінші Олимпиадасына қатыспақ.

Парижде бақ сынайтын қазақ дзюдошыларының толық құрамы мынандай:
•    60 келі: Елдос Сметов;
•    66 келі: Ғұсман Қырғызбаев; 
•    73 келі: Данияр Шамшаев;
•    81 келі: Абылайхан Жұбаназар; 
•    100 келі: Шархан Нұрлыхан.

Әйелдер: 
•    48 келі: Абиба Әбужақынова (Ғалия Тынбаева);
•    63 келі: Есмигүл Куюылова;
•    +78 келі: Камила Берліқаш.

Осылайша, Қазақстан 2024 жылғы Олимпиада ойындарында ерлер арасында 90 келіден жоғары және 100 келіден жоғары салмақта спортшы апара алмайды. Ал әйелдерде 52, 57, 70 және 78 келіде жолдама жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Семейде БАҚ өкілдері футболда бақ сынады
24.06.2024ж. 14:11

Семейде БАҚ өкілдері футболда бақ сынады

Аймақтық БАҚ өкілдерінің арасындағы шағын футбол ойыны болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →