×

Тоғызқұмалақтың атауы өзгеретін болды ма — Үкімет жауап берді

Бұған дейін депутаттар тоғызқұмалақ ойынының атауын өзгертуді ұсынған еді

Тоғызқұмалақтың атауы өзгеретін болды ма — Үкімет жауап берді
Фото: Qaz365.kz

Вице-премьер Тамара Дүйсенова тоғызқұмалақ ойынының атауын өз қалпында қалдырғанды жөн деп санайды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұған дейін депутаттар тоғызқұмалақ ойынының атауын өзгертуді ұсынған еді. Дүйсенованың оған берген жауабында әлемдік тәжірибеде бірдей ойындардың, заттардың, құбылыстардың әр тілде әртүрлі атауларды кездестіруге болатынын хабарлайды. Мысалы, әлемде футболды ағылшындар «футбол», италиялықтар «кальчо»,  америкалықтар «соккер» дейді. Зияткерлік ойынның бірі шахматты алсақ, оны бір елдерде «шатран», тағы бір елдерде «чесс», басқалары «шахмат» дейді. Түркі халықтарында да бірдей ойындар әр түрлі атаулармен аталады. Мысалы, қырғыз халқы «асық атуды» - «ордо», «күресті» - «алыш», «көкпарды» - «көк-бөру» деп атайды.

Сонымен қатар «тоғызқорғоол» атауы қырғыз халқына, ал «мангала» аты түрік халқына тиесілі.

«Халықтың жадында, сондай-ақ А. Краснов, Н. Пантусов, Б. Куфтин, Р. Карутц, М. Балақаев, Ә. Ақшораев, С. Аманжолов, С. Тілеубаев пен басқа да көптеген ғалымдардың еңбектерінде және М. Әуезовтың шығармаларында ойын «тоғызқұмалақ» деп аталады. Оған қоса, қазақ халқына тиесілі мыңжылдық тарихы бар тоғызқұмалақ атауын өзгерту федерацияның да, басқа  ұйымдардың да құзыретіне кірмейді. Жоғарыдағыны ескере отырып, ұлттың мәдени мұрасы болып табылатын мыңжылдық тарихы бар тоғызқұмалақ ойынының атауын өз қалпында қалдырғанды жөн деп санаймыз», - делінген жауапта.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада Наурыз мейрамы аясында жасанды интеллект арқылы ұлттық ойындар өтуде
21.03.2026ж. 16:58

Астанада Наурыз мейрамы аясында жасанды интеллект арқылы ұлттық ойындар өтуде

Жасанды интеллект қолдану арқылы дәстүрлі садақ ату, тоғызқұмалақ ойыны, қошқар көтеру сынды ұлттық ойындар өтуде.
Облысқа қарасты 7 ауданда да ұлттық спорт түрлерінен 161 бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды
Қатысушылар жоғары деңгейдегі шеберлік, стратегиялық ойлау қабілетін көрсетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →