×

Тоқаевтан ту алған Асланбек Шымбергенов арманын айтты

Асланбек Шымбергенов бокстан әлем чемпионы және Азия ойындарының қола жүлдегері

Тоқаевтан ту алған Асланбек Шымбергенов арманын айтты
Фото: ҰОК

Париж Олимпиадасында Қазақстанның туын алып шығатын боксшы Асланбек Шымбергенов жазғы ойындарда жақсы өнер көрсету үшін аянып қалмайтынын айтты. Бұл туралы Qaz365.kz тілшісі Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Әрбір спортшының арманы – Олимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алу. Менің де арманым осы. Сол арманымды орындау үшін бар күшімді саламын.2004 жылы Бақтияр Артаев ағамыз Олимпиада чемпионы болған соң, туған ағам мені бокс секциясына ертіп келді. Содан бері жаттығып, спорттың бұл түрі өзіме ұнап қалды.Енді, міне, жазғы Олимпиадада еліміздің туын көтеріп шықпақпын. Ең бірінші кезекте бұл үлкен мәртебе, үлкен жауапкершілік. Туымызды желбіретіп барып, желбіретіп қайтамыз», – деді Шымбергенов. 

Асланбек Шымбергенов бокстан әлем чемпионы және Азия ойындарының қола жүлдегері.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Бір айтқанды орындамайтын адаммен жұмыс істемеймін». Бақтияр Артаев қарамағындағыларға ультиматум қойды
Кеше, 22:11

«Бір айтқанды орындамайтын адаммен жұмыс істемеймін». Бақтияр Артаев қарамағындағыларға ультиматум қойды

Ол өз сөзінде спорт нысандарында қарапайым жуынатын бөлмелерді жөндеуге немқұрайлы қараған басшылардың да жұмысын сынға алды.
«Тараз» клубы – Жамбыл жұртының сенімі мен мақтанышы.
Қазір Сабыржан Қарағандыдағы Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайында жаттығып жүр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →