×

Шавкат Рахмонов бас бапкеріне қымбат көлік сыйлады

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады

Шавкат Рахмонов бас бапкеріне қымбат көлік сыйлады
Скриншоттар

Аралас жекпе-жекте мүлдем жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов бас бапкері Баян Жанғаловқа көлік сыйлады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Рахмонов Instagram парақшасында жазба жариялап, бапкеріне алғысын білдірді.

«Ассалаумағалейкум, қазақ елі. Бас бапкерім Баян Жанғаловқа бүгін темір тұлпар сыйлауды Алла нәсіп етті. Демеушілік беріп, қолдау білдірген ағам Алидар Болатұлына ризашылығымды айтамын», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Жанғаловтың жетекшілігімен Рахмонов әуесқой ММА бойынша әлем чемпионы атанып, M-1 Global лигасында чемпион болған еді. Сонымен қатар соның қол астында UFC-де өнер көрсете бастады.

Қазақстандық файтер UFC-дегі 6 жекпе-жегінің барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ол желтоқсанда өткен соңғы жекпе-жегінде 2-раундта америкалық Стивен Томпсонды жеңген болатын. Қазір қазақстандық спортшының кәсіби ММА бойынша рекорды: 18-0.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевқа Астанадан пәтер берілді
Бүгін, 23:43

Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевқа Астанадан пәтер берілді

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасынан Париж Олимпиадасына барлығы 8 дзюдошы қатысты
Ол финалда әзірбайжандық спортшы Хетаг Карсановті таза жықты
Спортшы 10 жылдан бері халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеп келеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →