×

«Өзіне көп алады»: боксшы Андрей Михайлович Жәнібек Әлімханұлын әжуалап видео түсірді

Жәнібек Әлімханұлының жанкүйерлеріне бұл видео ұнамаған

«Өзіне көп алады»: боксшы Андрей Михайлович Жәнібек Әлімханұлын әжуалап видео түсірді
Фото: ашық дереккөздерден

Жаңазеландиялық кәсіпқой боксшы Андрей Михайлович Жәнібек Әлімханұлын әжуалап видеоролик түсірді және оны әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видеода Андрей асфальтқа «JANIBEK» деп жазып, оның жанында би билейді. Кейін жазудың үстіне ұнтақ шашып, артынша су құяды. Видео соңында ол өз отбасымен билеп, экранға «Аталған видеоны түсіруде бірде-бір чемпион зардап шеккен жоқ. Тек ағзасы құрғап қалды» деген жазу шықты.

Жәнібек Әлімханұлының жанкүйерлеріне бұл видео ұнамаған.

 «Нокаутқа құлайтын бала осылай құтырады», «Өлетін бала молаға қарай жүгіреді», «Өзіне көп алады», – деп жазды желі қолданушылары.

Еске салайық, қос боксшы 14 шілдеде АҚШ-та жұдырықтасуы тиіс болатын. Алайда Жәнібек Әлімханұлы салмағын қуам деп, ауруханадан бір-ақ шыққан. Сол себепті жекпе-жек өтпейтін болды. Өз кезегінде жаңазеландиялықтың командасы наразылығын білдіріп, Жәнібекті қос титулынан айыруды талап етті.

Кейіннен Жәнібек Әлімханұлы 2-3 айда рингке оралатынын, орта салмақтан ешқайда ауыспайтынын мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді
Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты
2016 жылы РФ президенті Владимир Путиннің қолынан Ресей азаматтығын алған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →