×

Алматы облысында тоғызқұмалақтан “Абай жүлдесі” турнирі өтті

7 турдан тұратын турнир

Алматы облысында тоғызқұмалақтан “Абай жүлдесі” турнирі өтті

Есік қаласында Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл толуына орай және V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау мақсатында тоғызқұмалақтан “Абай жүлдесі” Алматы облыстық турнирі өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Турнирге түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары, мәслихат қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері мен БАҚ қызметкерлері қатысты. Алматы облысындағы 9 аудан мен 2 қаладан 40-тан астам ойыншы 7 тур бойы бақ сынасты. Ашылу салтанатына Алматы облыстық мәслихатының депутаты, тұрақты комиссия төрағасы Нұрбеков Болатжан мен Алматы облыстық тоғызқұмалақ спорты федерациясының президенті Жарас Ниязбек қатысып, құттықтау сөз сөйледі. 

“Тоғызқұмалақ - бұл біздің ұлттық құндылығымыз, мақтанышымыз. Ақыл-ойды дамытатын зияткерлік ойын. Бұл - ұлы ойшыл Абай жақсы көріп ойнаған тоғызқұмалақ. Қазақстан мәслихатының 30 жылдығы құтты болсын. Тоғызқұмалағымыз дами берсін”, – деді Нұрбек Саймасайұлы. 

“Тоғызқұмалақ ойынында жеңілген адам болмайды, жеңетін - ұлттық мүдде. Осы сөзді жиі айтамыз. Себебі тарихы терең тоғызқұмалақ ойынын әлемге танытуда, насихатын арттыруда көп еңбектер атқарылуда. Әр үйде бір тоғызқұмалақ тақтасы тұруы тиіс. Бұл - ұлттық құндылыққа деген құрмет, тоғызқұмалақ насихатына қосылған үлес. Бүгінгі турнир де ұлттық ойынды дәріптеу мақсатында өтіп жатыр. Тоғызқұмалақ ойыны дами берсін”, – деді Жарас Ергөбекұлы. 

7 турдан тұратын турнирдің 1 және 2 орын жеңімпаздары тамыз айында Астана қаласында өтетін финалдық жарысқа жолдама алады. Турнир қорытындысы бойынша ерлер арасында: 

1 орын - Сатыбалды Ермұхамет, Талғар ауданы;
2 орын - Қылышбаев Ерболат, Іле ауданы;
3 орын - Родионов Виталий, Іле ауданы;
3 орын - Нуртилеуов Амандық, Еңбекшіқазақ ауданынан жеңімпаз атанды. Ал әйелдер арасында:
1 орын - Ярмухаметова Гульниса, Ұйғыр ауданы;
2 орын - Арсинова Дильназ, Ұйғыр ауданы;
3 орын - Сатыбалды Ақнұр, Талғар ауданы;
3 орын - Ермекқызы Перизат, Талғар ауданы. 
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамота және медальдармен марапатталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевқа Астанадан пәтер берілді
Бүгін, 23:43

Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевқа Астанадан пәтер берілді

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасынан Париж Олимпиадасына барлығы 8 дзюдошы қатысты
Ол финалда әзірбайжандық спортшы Хетаг Карсановті таза жықты
Спортшы 10 жылдан бері халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеп келеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →