Спортшы алдағы күндері өзге жарысқа қатыспақ
Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартты. Федерация спортшы бронхитпен ауырып қалғанын мәлім етті. Дегенмен спортшы алдағы күндері Канададағы жарысқа қатыспақ, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Канаданың Торонто қаласында дәстүрлі National Bank Open 2024 турнирі өтеді. Оның жүлде қоры – 7 миллион доллардан жоғары.
«Рыбакина 2024 жылы бірнеше жарысты соңына жеткізбей орта жолдан аяқтады. Көбінесе, денсаулығына байланысты. Олимпиададан бөлек, Индиан-Уэллс, Рим, Истборн турнирлерінде ауырып, кортқа шыға алмады. 25 жастағы теннисші соңғы рет Уимблдон турниріне қатысып, жартылай финалда Барбора Крейчиковадан жеңілді. Енді ол Солтүстік Америкадағы хард турнирлеріне қатысады. 6 тамызда басталатын Торонтодағы National Bank Open турнирінде бақ сынайды», - деп жазды tennis.com сайты.