×

Олимпиадаға қатысудан бас тартқан Елена Рыбакина ақшасы көп басқа жарыста ойнайды

Спортшы алдағы күндері өзге жарысқа қатыспақ

Олимпиадаға қатысудан бас тартқан Елена Рыбакина ақшасы көп басқа жарыста ойнайды
Фото: instagram.com/lenarybakina

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартты. Федерация спортшы бронхитпен ауырып қалғанын мәлім етті. Дегенмен спортшы алдағы күндері Канададағы жарысқа қатыспақ, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Канаданың Торонто қаласында дәстүрлі National Bank Open 2024 турнирі өтеді. Оның жүлде қоры – 7 миллион доллардан жоғары.

«Рыбакина 2024 жылы бірнеше жарысты соңына жеткізбей орта жолдан аяқтады. Көбінесе, денсаулығына байланысты. Олимпиададан бөлек, Индиан-Уэллс, Рим, Истборн турнирлерінде ауырып, кортқа шыға алмады. 25 жастағы теннисші соңғы рет Уимблдон турниріне қатысып, жартылай финалда Барбора Крейчиковадан жеңілді. Енді ол Солтүстік Америкадағы хард турнирлеріне қатысады. 6 тамызда басталатын Торонтодағы National Bank Open турнирінде бақ сынайды», - деп жазды tennis.com сайты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы марафонда екі адам қайтыс болды
20.04.2025ж. 14:29

Алматыдағы марафонда екі адам қайтыс болды

Екеуі де жартылай марафонys4 21,1 км қашықтығына тіркелген
Жартылай финалдық кездесулер 29–30 сәуір күндеріне жоспарланған
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Алматыда мәнерлеп сырғанаудан даярлау үшін тиісті жағдайдың жоқтығы туралы айтқан болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →