×

Алланың қалауы сондай болып тұр екен – Шымбергенов неге жеңілгенін айтты

Тең дәрежедегі кездесу

Алланың қалауы сондай болып тұр екен – Шымбергенов неге жеңілгенін айтты
Видеокадр

Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында бокстан алғашқы жекпе-жегін өткізген команда капитаны Асланбек Шымбергенов ұтылып қалды. Спортшы кездесуден себебін түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол бүгін 71 келіге дейін салмақта 1/16 финалда Иордания боксшысы Зейяд Ишаиштан жеңіліп қалды. Төрешілер 3:2 есебімен жеңісті қарсыласына берді.

«Бәрі ойдағыдай болатын. Рингке шығып, қолымыздан келетіннің бәрін жасадық. Алланың қалауы сондай болып тұр екен. Көнеміз енді, не істейміз», - дейді Шымбергенов.
Ал ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов та өз пікірін білдірді. 

«Төрешілер жеңісті қарсыласқа берді. Жеп қойды деп те айта алмаймыз, тең дәрежедегі кездесу. Бізге берсе олар да үндемес еді. Басқа жігіттерді жақсылап дайындаймыз. Асланбек барын салды, бұйырмай тұр екен», - дейді бас бапкер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Азат Мақсұмның UFC-дегі жекпе-жегі қашан өтеді
Бүгін, 10:11

Азат Мақсұмның UFC-дегі жекпе-жегі қашан өтеді

Азат Мақсұм UFC-де алғаш рет 2023 жылдың шілдесінде өнер көрсетті.
Жастар арасында Қазақстан Республикасының 19-шы чемпионаты өз мәресіне жетті
Құрамамыздың еншісінде үш ұпай ғана бар.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →