×

«Ұпайдан қысты дей алмаймын»: Мырзағали Айтжанов Асланбектің жеңілу себебін түсіндірді

Шымбергенов кеше қарсыласына жол берді

«Ұпайдан қысты дей алмаймын»: Мырзағали Айтжанов Асланбектің жеңілу себебін түсіндірді
Фото: Olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов команда капитаны Асланбек Шымбергеновтің жеңілісіне  қатысты пікір білдірді , деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Қарсылас оңай емес. Оның алдында да бір-екі рет кездескен. Қарсыласын тоқтата алмады. Жеңісті 3:2 есебімен бізге де, қарсыласқа да беруге болады. Төрешілер ұпайдан қысты дей алмаймын. Жеңіске деген құштарлығы басым болғасын, иорданиялық спортшыға берді деп ойлаймын. Бұл - Олимпиада, сол үшін бәріне дайын болу керек", - деді Айтжанов.

71 келіде жұдырықтасқан Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жегінде иорданиялық Зеяд Ишаишке есе жіберген болатын. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жастар арасында Қазақстан Республикасының 19-шы чемпионаты өз мәресіне жетті
Құрамамыздың еншісінде үш ұпай ғана бар.
Ол тек Олимпиада чемпионы Лю Хуаньхуадан ұтылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →