×

«Қарындасымды жұбату үшін барымды салдым»: өзбек балуанынан жеңіліп, өкіріп жылаған жапон қыздың ағасы

Оның өкіріп жылаған сәті әлеуметтік желілерде қызу талқыланған

«Қарындасымды жұбату үшін барымды салдым»: өзбек балуанынан жеңіліп, өкіріп жылаған жапон қыздың ағасы
Фото: ашық дереккөз / olympics.com

Жапон дзюдошысы Хифуми Абэ Париж Олимпиадасында алтын медаль иеленді. Ол әлемнің төрт дүркін чемпионы Ута Абэнің туған ағасы, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ута Абэ естеріңізде болса, өзбек балуаны Диёра Келдиёровадан жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалған болатын. Оның өкіріп жылаған сәті әлеуметтік желілерде қызу талқыланған. Бапкері оны аренадан сүйреп алып кеткендей әсер қалдырды.

Ута Абэ 52 келіге дейінгі салмақта 2018, 2019, 2022 және 2023 жылдары әлем чемпионы болған. 2020 жылы Токио Олимпиадасының алтын медалін иеленген. 

Оның туған ағасы Хифуми Абэ 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы атанып, өз атағын қорғап, екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Финалда ол бразилиялық Виллиан Лиманы жеңді. Осы салмақта қола жүлдені қазақ балуаны Ғұсман Қырғызбаев алған еді.

«Қарындасым жеңіліп қалғаннан кейін қатты қиналдым. Сол үшін қолымнан келгенінің бәрін жасап, екі дүркін Олимпиада чемпионы болам деп кестім. Чемпион болып, оны жұбатқым келді», – дейді Хифуми Абэ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-приде күміс жүлдеге ие болды
Кеше, 18:36

Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-приде күміс жүлдеге ие болды

Бүгін еркін сайыста отандасымыз 182.96 ұпай алды
Клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді
Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →