×

«Асқазаным ауырды»: Қазақ дзюдошысы жеңілісінің себебін түсіндірді

Спортшы сәтсіздіктің себебін түсіндірді

«Асқазаным ауырды»: Қазақ дзюдошысы жеңілісінің себебін түсіндірді
Фото: Дирекции развития спорта

Бүгін дзюдодан Париж Олимпиадасында 73 келіде өнер көрсеткен қазақ балуаны Данияр Шамшаев жарысты ерте аяқтады. Бірінші белдесуінде жерлесіміз өзбек Муроджон Юлдошевтен жеңілді. Спортшы сәтсіздіктің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 «Олимпиада ойындарына толық дайындықсыз келдім. Оқу-жаттығу жиындарым аз болып қалды. Олимпиада алдында бір айдай асқазаным ауырып, көп уақытымды емделуге жіберіп алдым. Алда әлі талай додалар бар ғой, бұл Олимпиадада жолым болмады. Бір сәтсіздік бір сабақ дегендей, болашақта еліміздің намысын абыроймен қорғаймын деп ойлаймын», – деді Шамшаев.

Сондай-ақ дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов те өз пікірін білдірді.

«Данияр алғашқы кездесуі болғандықтан, басында біраз қобалжыды. Сол үшін ұзақ тұрып қалды. Бірінші ескертуін сол үшін алды. Өзбек дзюдошы үш-төрт рет шабуыл жасады. Екінші шидосында екеуі де шабуылдап жатқан. Сөйте тұра тағы ескерту берді. Екі секунд қалғанда үшінші шидоны берді. Негізі бұл жерде ескертуді беруге де, бермеуге де болатын еді, Олимпиада болғандықтан шығар, осындай шешім қабылдады. Кездесуден Данияр екеуміз талқыладық. Ол голден скорға дайындалғанын айтты. Голден скорда әдіске саламын деп тұрған екен», – деді бас бапкер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Өмірдің мәні осылар ғой». Ұл-қыздарымен ойнап жатқан Елдос Сметов көпшілікті қуантты
Кеше, 11:34

«Өмірдің мәні осылар ғой». Ұл-қыздарымен ойнап жатқан Елдос Сметов көпшілікті қуантты

Бүкіл әлемнің қошеметі тең келмес балалардың қуанышына...
Финалда ол Әзербайжаннан келген боз кілем шеберімен белдескен
Боксшыға қатысты қылмыстық іс биыл 20 қазанда тоқтатылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →