Екеуі осыған дейін үш рет жолыққан
Екеуі 51 келіде кездеседі. Жеңгені жартылай финалға өтеді. Өзбек боксшысы кеше пуэрто-рикалық жас боксшыны жеңді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Сәкен екеуіміз көптеген турнирде кездесіп жүрміз. Бір-бірімізді жақсы білеміз. Бұл жолы кім мықты екенін шаршы алаң көрсетеді. Кім жақсы дайындалған, кім ақылдырақ сол жеңеді деп ойлаймын», - Хасанбой Дусматов.
Ол Бибосыновтың жекпе-жегін тамашалағанын, енді тактика құрайтынын айтты.
«Мен жас боксшыныжеңдім. Сәкен Бибосыновтың бүгінгі жекпе-жегін де назардан тыс қалдырмадым. Енді жаттықтырушыларымызбен бірге сараптама жасап, тактика құрамыз. Сәкеннің де физикалық дайындығы жақсы, мен де сол қатардамын. Өзбекстан - Қазақстан жанкүйерлері үшін қызық жекпе-жек болады», - деді өзбек боксшысы.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов 1/8 финалда Самет Күмүшті жеңді.
«Жекпе-жек оңай болған жоқ. Үшінші раундта 1-2 қателіктер болды. Енді келесі кездесуімде ондай болмашы қателіктерді қайталамауға тырысамын. Шаршы алаңда аянып қалмаймын. Соңғы демім қалғанша жұдырықтасамын», - дейді Сәкен Бибосынов.
Еске салсақ, Хасанбай Дусматов пен Сәкен Бибосынов арасындағы жекпе-жек 2 тамыз күні сағат 21:20-да басталады.
Екеуі осыған дейін үш рет жолыққан. Соның екеуінде Дусматов, біреуінде Бибосынов жеңген.