×

«Жігіттердің физикасы өте нашар»: Бақыт Сәрсекбаев Махмұд Сабырханның жеңілісі туралы айтты

Бүгін Махмұд Сабырхан алғашқы кездесуінде испаниялық боксшыға есе жіберді

«Жігіттердің физикасы өте нашар»: Бақыт Сәрсекбаев Махмұд Сабырханның жеңілісі туралы айтты
Фото: sports.kz

Париж Олимпиадасында боксшы Махмұд Сабырхан жеңіліс тапқан соң, желіде елдегі бокстың даму қарқыны талқыланып жатыр. Бұған Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев та өз пікірін айтқан екен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жігіттердің физикасы өте нашар! Екінші раундта тыныс алулары қиындап, рингте әзер жүр. Соққы тым аз. Комбициялық соққылар мүлдем жоқ. Үш минутта қанша соққы жасауға болады? Физикамен айналысады деп шақыртқан мамандары қайда қарап жүр? Кешенді ғылыми топ мүшелері не бітіріп жатыр? Неге біздің боксшыларға шаршы алаңда дем жетпей қала береді? Неге үш раундта аяққа тұрып үйренбейді? Бәрін шұбырып не бітіріп жүрсіңдер? Сосын тағы бір сұрағым бар: әрбір бокшы лицензия алғаннан  кейін Олимпиадаға дейін неше жекпе-жек өткізді? Практика бар ма? Мысалы мен Бейжің Олимпиадасына дейін жарты жылда 22 кездесу өткіздім. Ал бас бапкер айтарға сөзім жоқ», - дейді Бақыт Сәрсекбаев.

Айта кетейік, Махмұд Сабырхан 57 келіге дейін салмақта бокстасады. Алғашқы кездесуінде испаниялық боксшыға есе жіберді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанның Халықаралық дзюдо федерациясындағы (IJF) өкілдігі кеңейді
Бүгін, 16:49

Қазақстанның Халықаралық дзюдо федерациясындағы (IJF) өкілдігі кеңейді

Қазақстандықтар Халықаралық дзюдо федерациясында жетекші қызметтерге тағайындалды
Комиссия ынтымақтастықты нығайтуға, инновацияларды дамытуға және дзюдоны әлеуметтік даму үшін жаһандық құрал ретінде ілгерілетуге ықпал ететін болады.
Спортшы өз жолында қолдау білдірген жандарға ерекше алғыс айтты.
Бүгін ширек финал мен жартылай финал кездесулері өтеді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →