×

Олимпиадада шу шықты: Әйел боксшы жұдырықтасудан бас тартты

Бірінші раундта Анджела екі ауыр соққы алды

Олимпиадада шу шықты: Әйел боксшы жұдырықтасудан бас тартты
Фото: ашық дереккөзден

Италиялық боксшы Анджела Карини Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарынан бас тартты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін 1/8 финалда 66 келіге дейін салмақта Анджела Карини Алжир спортшысы Иман Хелифпен кездесті. Бірінші раундта Анджела екі ауыр соққы алды. Осыдан кейін ол жекпе-жектен бас тартты.  Италиялық спортшы рингтен көзіне жас алып шығып кетті.

Айта кетейік, былтыр Хелиф гендерлік тесттен өтіп, әлем чемпионатына қатыстырылмаған. Соған қарамастан Халықаралық Олимпиада комитеті биыл рұқсат етті. 

Жалпы ХОК алжирлік боксшы Имана Хелиф пен тайваньдық Лин Юйтиннің де қатысуын мақұлдады.

Екі спортшы да 2020 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарында бақ сынады, алайда 2023 жылы Нью-Делиде өткен әлем чемпионатында олар гендерлік сынақтан өте алмады.

Лин Юйтин біздің Карина Ибрагимованың қарсыластарының бірі. Екеуі бұған дейін жолыққан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Хоккей: Қазақстан құрамасы элиталық дивизионмен қоштасты
Бүгін, 09:55

Хоккей: Қазақстан құрамасы элиталық дивизионмен қоштасты

Қарсыластың төрт голына құрамамыз бір голмен ғана жауап берді.
Қазақстандық маман атақты клубпен келісімшартқа қол қойып, маркетолог ретінде қызметке орналасқан.
Азат Мақсұм UFC-де алғаш рет 2023 жылдың шілдесінде өнер көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →