×

"Уысымызға түседі": Бақтияр Артаев Олимпиададағы боксшыларымыз туралы айтты

Ол Парижде өнер көрсететін спортшыларымыздың бәрі алтын алуы мүмкін екенін айтты

"Уысымызға түседі": Бақтияр Артаев Олимпиададағы боксшыларымыз туралы айтты
Фото: REUTERS

Қазақстан құрамасының намысын ширек финалда қорғаған Айбек Оралбай әзербайжандық былғары қолғап шеберіне есе жіберді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Афина Олимпиадасының чемпионы, Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев отандастарымыз сәтсіздікке ұшырады деген пікір білдірді.

"Алланың бұйыртқаны болады. Бәрі адамның еңбегіне байланысты. Алдын-ала тон пішіп, жігіттерді сөге алмаймын. Олардың еңбегі бар. 4 жыл аянбай тер төкті.  Сондықтан да қазір хейт іздемей, тәуіптік жасамайық. Боксшыларымыз, өкінішке қарай, сәтсіздікке ұшырап, қысымшылық көріп отырғанда оларға тіреу болудың орнына аяғынан шалмау керек. Былғары қолғап шеберлері әлем чемпионатында топ жарғанда бәріміз марқайып қуандық. Ал ұтылып қалған кезде, жерден алып, жерге салғанымыз ұят болар. Ол тектілікке жатпайды. Бұл - әлсіздердің әрекеті. Қазір керісінше есе жіберген жігіттерімізге де қолдау жасап, жұбатып, жігерлендіріп, болашақта жақсы өнер көрсетуіне тілектес болуымыз қажет. Алла нәсіп етсе қалған жігіттерімізге алтын бұйырсын", - деді Бақтияр Артаев.

Артаев байрақты бәсекеде өнер көрсететін спортшыларымыздың бәрі алтын алуы мүмкін екенін айтты.

"Барлығына құрметім зор,  бәрінің де қолынан келеді. Ең бастысы Алла бағы мен сәтін салсын. Қыздардан да үміт күтемін. Алтын жүлде уысымызға түседі.  Жақсы жаңалықтар болады әлі" - деп жауап берді Олимпиада чемпионы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-приде күміс жүлдеге ие болды
Кеше, 18:36

Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-приде күміс жүлдеге ие болды

Бүгін еркін сайыста отандасымыз 182.96 ұпай алды
Клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді
Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →