×

Қарсыласымды құттықтаймын, ұтылдым – Сәкен Бибосынов

Осылайша, Олимпиада ойындарында екі боксшы ғана қалды

Қарсыласымды құттықтаймын, ұтылдым – Сәкен Бибосынов
Фото: Сали Сабиров

Париж Олимпиадасының ширек финалында ширек финалында Қазақстан сенім артқан боксшы Сәкен Бибосынов басты қарсыласы өзбекстандық Хасанбой Дусматовтан жеңілді. Жекпе-жектен кейін жерлесіміз кездесуді қорытындылап пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Көрдіңіздер, қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Өкінішті. Ұтылып қалдым. Қарсыласымды жеңісімен құттықтаймын. Төрешілер 3:2 есебін тіркеді. Жартылай финалға шыққанымда кемі қола болар еді. Бәрі Алланың қалауымен ғой. Олимпиадаға келіп, елдің намысын қорғағаныма қуаныштымын. Әттеген-ай, намысты абыроймен қорғай алмадым. Токиода қоладан соң, алтынға келіп ем. Қателіктер кетті, сонымен жұмыс істеймін. Мені қолдаған жандарға алғыс айтамын. Өкінішті», - дейді Сәкен Бибосынов.


«Төрешілер жолынды кесті ме?» деген сауалға «Қолымды көтерген жоқ, ештеңе айта алмаймын» деді.
Айта кетейік,  Бибосынов бірінші басым түскенімен, қалған раундтарда төрешілер жеңісті Өзбекстан спортшысына сыйлады.
Осылайша, Олимпиада ойындарында екі боксшы ғана қалды. Ерлерден Нұрбек Оралбай (80 келі) жартылай финалға шықса, қыздардан Назым Қызайбай ертең ширек финалдағы жекпе-жегін өткізеді. Қалған 8 боксшы жүлдесіз қалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев
Бүгін, 14:16

Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев

Клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді
Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты
2016 жылы РФ президенті Владимир Путиннің қолынан Ресей азаматтығын алған.
2024 жылдың маусымында Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →