×

Олимпиада біз үшін нашардың нашары болды – Мырзағали Айтжанов

Жігіттер барын салды

Олимпиада біз үшін нашардың нашары болды – Мырзағали Айтжанов
olympic.kz

Париж Олимпиадасының ширек финалында Қазақстан сенім артқан боксшы Сәкен Бибосынов басты қарсыласы өзбекстандық Хасанбой Дусматовтан жеңілді. Сөйтіп, Қазақстаннан сегізінші боксшы жарыстан шықты. Оның алтауы ерлер құрамасынан. Жекпе-жектен кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жалпы, осы Олимпиада бізге сәтсіз болып тұр. Жігіттер барын салды. Сондықтан ешкімді кінәлай алмаймын. Бұл – Олимпиада, оңай қарсылас жоқ. Көп кездесу 3:2 болып аяқталып жатыр. Менмін деген әлем, Олимпиада чемпиондары келген. Әлемнің мықтылары келген, ешкімді ұрып құлатып ұта алмайсың. Қателік әрбір адамда болады. Чемпион болғанда да болады. Жігіттер барын салып бокстасып жатыр. Кімнің қолын көтерді, сол жеңді. Олимпиада біз үшін нашардың нашары болды. Токиода екі қола алдық, бұл жолы екі қола да болмай қалды. Енді шешімді басшылар қабылдайды, біз өз жұмысымызды атқардық, боксшыларды дайындап әкелдік. Боксшылар барын салды, жеңіс берді-бермеді, оны біз шешпейміз ғой», - деді Мырзағали Айтжанов.

Осылайша, Олимпиада ойындарында екі боксшы ғана қалды. Ерлерден Нұрбек Оралбай (80 келі) жартылай финалға шықса, қыздардан Назым Қызайбай ертең ширек финалдағы жекпе-жегін өткізеді. Қалған 8 боксшы жүлдесіз қайтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді
Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты
2016 жылы РФ президенті Владимир Путиннің қолынан Ресей азаматтығын алған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →