Ол іріктеуде мәреге төртінші келді
Жеңіл атлетикадан Қазақстан намысын қорғап жүрген кениялық Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол іріктеуде мәреге төртінші келді. Уақыт көрсеткіші – 9:16.46 секунд. Бұл – Нораның осы маусымдағы үздік нәтижесі. Финал 6 тамыздан 7-сіне қараған түні өтеді.
Джеруто осы қашықтықта 2022 жылы Юджинде өткен әлем чемпионатында Қазақстанға жеңіл атлетикадан алғашқы алтынды алып келген.
Жеңіл атлет Olympic.kz-ке берген сұхбатында бір жасар баласының барын айтты.
«Бұл менің алғашқы Олимпиадам. Сондықтан финалда Қазақстан намысын қорғайтыныма өте қуаныштымын. Өзімнің жеке рекордымды орнатқаным да қуантады. Финалда мен өзімді көрсетемін әлі. Көп нәрсе күтемін. Менің Қазақстанға алғысым шексіз. Олимпиадаға тыңғылықты дайындалдым. Менің бір жасар балам бар. Бірақ маған декреттік демалыстан оралу қиын болған жоқ, себебі мен үнемі өзімді бабымда ұстаймын. Іріктеу кезінде эфиопиялық және америкалық атлеттермен жарысу қиын болды. Оларды басып озу оңай емес. Бірақ финалда аянып қалмаймын», – деді Джеруто.