×

«Қытай қызы алдап кетті». Назым Қызайбай көз жасына ерік берді

Әйелдер боксынан қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атану арманым болды

«Қытай қызы алдап кетті». Назым Қызайбай көз жасына ерік берді

Париж Олимпиадасының жартылай финалында қытайлық У Юге есе жіберген Назым Қызайбай жекпе-жектен кейін көз жасын тыя алмады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ойдағыдай болмады. Ұту үшін барымды салдым. Бірақ Қытай боксшысы алдап кетті. Кішкене орында тұрып, болмашы соққыларды өткізіп алдым. Жеңіске деген құлшынысым кедергі келтірген секілді. Тым жанып кеттім. Сондай сәтте ақылға салып, жұдырықтасуды ұмытасың. Әйелдер боксынан қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атану арманым болды. Дзюдошы қыздармен Парижде жолыққанда да соны бір бірімізге тіледік.Қазір өзіме аса көңілім толып тұрған жоқ. Енді жүлдеге де шүкір етуге тура келеді. Жеңсем де, жеңілсем де қасымнан табылатын отбасыма, достарыма рахмет айтамын!Жеңісімді маған қолдау көрсеткен көпшілікке арнаймын», - деді Назым Қызайбай.


Айта кетейік, 50 келіде бақ сынаған Назым Қызайбай Париж Олимпиадасында алғашқы 3 жекпе-жекте жеңіске жеткен. Ал жартылай финалда  Ю Вуға (Қытай) есе жіберді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Елдос Сметов пен Нариман Құрбанов референдумда өз таңдауын жасады
06.10.2024ж. 13:42

Елдос Сметов пен Нариман Құрбанов референдумда өз таңдауын жасады

Бүгінгі референдум – барша қазақстандықтар үшін маңызды оқиға
Жәнібекң Әлімханұлы кәсіби мансабында он алтыншы жеңіске жетіп, IBF және WBO белбеулерін сәтті қорғады
Бүгінгі бокс кеші Аустралияның Сидней қаласындағы The Star аренасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →