×

Елена Рыбакина бронхитінен жазылып жарысқа келді

Бұған дейін теннисші Олимпиадаға қатысудан бас тартқан еді

Елена Рыбакина бронхитінен жазылып жарысқа келді
Ашық дереккөздерден

АҚШ-тағы WTA сериясына кіретін Цинциннати турнирінің Instagram-аккаунты қазақстандық теннисші  Елена Рыбакинаның дайындық кезіндегі видеосын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Елена Рыбакина жаттығу процесін шеберлік деңгейіне жеткізіп отыр. Биылғы маусымда Елена Қазақстанға Cincinnati Open титулын алып кете ала ма?» - деп жазды парақша. 

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Олимпиадаға қатысудан бас тартқан еді. Түркияда балмұздақ жеп жүрген теннисші Париждегі жарысқа бір күн қалғанда бронхит болып ауырып қалғанын мәлімдеген еді. Осыдан кейін желіде теннисшіге көп хейт болды.

Цинциннати турнирі 12 тамызда басталады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ол Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP-500 турнирінде өнер көрсетіп жатыр
Бүгін Президент Астанадағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде жас спортшылармен кездескен
Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені инвесторлар қаржысына салынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →