×

Астанада депутат Абиба Әбужақыноваға Kia Ceed көлігін мінгізді

Оған себеп - Абиба қарындасымның көз жасы

Астанада депутат Абиба Әбужақыноваға Kia Ceed көлігін мінгізді
Видеодан кадр

Дзюдошы Абиба Әбужақынова Париж Олимпиадасында жүлдеден тыс қалып, бесінші орын алған еді. Сол кезде Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров қомақты сыйақы беруге уәде еткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін депутат  спортшыны Астана әуежайынан күтіп алып, Kia Ceed маркалы көлігін мінгізді. Өз кезегінде Абиба депутатқа өз ризашылығын білдірді.

Бұған дейін Айдарбек Қожаназаров Абибаға жазба арнап, өз атынан сыйақы беретінін айтқан еді.

«Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп - Абиба қарындасымның көз жасы. Бұл – намыстың көз жасы. Бұл – тектіліктің белгісі. Бұл – үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Абиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да, қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек! Жалғастырайық, қазақтың жігіттері!» - деген болатын депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →