×

Демеу Жадыраевты Алматы мен Жетісу облыстары көлік, пәтер, ақшалай сыйақының астына қалдырды

Анасы Күлипа Бижановаға салтанатты түрде құрмет көрсетіп, Жаркент қаласынан жаңа үйдің кілтін табыстады

Демеу Жадыраевты Алматы мен Жетісу облыстары көлік, пәтер, ақшалай сыйақының астына қалдырды
Фото Qaz365.kz

Парижде өтіп жатқан ХХХІІІ Олимпиаданың күміс жүлдегері, грек-рим күресінің шебері Демеу Жадыраевқа қошемет жалғасып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Айта кетейік, Демеу Жадыраев – Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылының тумасы. Қазіргі Алматы облысының намысын қорғап жүр. Сондықтан спортшыға екі облыстан қошемет көрсетіліп жатыр. Кеше Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев спортшыға Жетісу облысының Құрметті азаматы» төсбелгісін тақты. Анасы Күлипа Бижановаға салтанатты түрде құрмет көрсетіп, Жаркент қаласынан жаңа үйдің кілтін табыстады.

Бүгін туған жері Панфилов ауданында спортшыға Toyota Land 300 және 50 000 доллар берілді. Алматы облысы, Талғар қаласынан 2 бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді.
 ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары – спортшының алғашқы бапкері Жұмахан Тұрғамбеков және жеке бапкері Боранбек Қоңыратовқа Haval көлігін мінгізді.
Одан бөлек жерлестері тұлпар, басқа да ықылас қолдауларын көрсетуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев
Бүгін, 14:16

Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев

Клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді
Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты
2016 жылы РФ президенті Владимир Путиннің қолынан Ресей азаматтығын алған.
2024 жылдың маусымында Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →