Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне кім тағайындалады?
Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев алғашқы жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпековті бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болуға Нұрлан Ақүрпеков лайық», - деп жазды Олимпиада чемпионы өзінің Instagram-парақшасында.
Айта кетейік, Нұрлан Ақүрпеков – Бақтияр Артаевтың алғашқы бапкері. Шәкіртімен бірге 2004 жылы Афины Олимпиадасын бағындырды. Одан кейін екі рет әлем чемпионатында қола жүлде алды. Сондай-ақ Ғани Жайлауов, Олжас Сәттібаев, Әбілхан Аманқұл секілді елге белгілі боксшылардың томағасын сыпырған.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметінен босатылды. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов федерация презентінің кеңесшісі болып тағайындалды.