×

Атырау Әбиба Әбужақынова мен Эсмигуль Куюловаға Zeekr мінгізді

Әбужақынова 48 келіде өнер көрсетті.

Атырау Әбиба Әбужақынова мен Эсмигуль Куюловаға Zeekr мінгізді
Фото: әлеуметтік желіден

Париж Олимпиадасында Атырау облысының намысын қорғаған қос дзюдошы Әбиба Әбужақынова мен Эсмигуль Куюловаға жерлестері Zeekr көлігін мінгізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Демеушілер тарапынан ұйымдастырылған сыйды облыс әкімі Серік Шәпкенов салтанатты түрде табыстады. Әбибиға көлігінің нөмірі қоса берілді. «Крутой» нөмірдің құны – 840 мың теңге.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Әбужақынова 48 келіде өнер көрсетті. Ол қола жүлде үшін тартыста швециялық балуанға есе жіберіп, бесінші орын алды. Ал Эсмигуль Куюлова алғашқы айналымнан әрі аспаған.

Екі спортшы да Өзбекстан Республикасында дүниеге келген. Кейіннен тарихи отанына қоныс аударып, қазіргі кезде Атырау облысының намысын қорғап жүр. 

Бұған дейін Әбибаға Мәжіліс депутаты, кәсіпкер Айдарбек Қожаназаров Kia Ceed маркалы көлігін берген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Қазақстаннан Бектенов қатысты». Мирзиёев өзбек футболшыларына 40 көлік сыйлады
Кеше, 14:11

«Қазақстаннан Бектенов қатысты». Мирзиёев өзбек футболшыларына 40 көлік сыйлады

Сонымен бірге, құрама сапындағы физиотерапевттер, аудармашылар және медиа бөлімінің қызметкерлері де мемлекеттік марапаттарға ие болған
2014 жылы дебюттік ойынын өткізіп, содан бері 63 матчта 3 гол соққан
Бұл- оның мансабындағы ең жоғары нәтиже. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →