×

“Мырзағали кетсе, мен де кетем”: боксшы Бибосынов желіде тараған сөзге түсініктеме берді

Бұл сөздің рас-өтірігін Qaz365.kz тілшісі боксшының өзінен сұрап көрді

“Мырзағали кетсе, мен де кетем”: боксшы Бибосынов желіде тараған сөзге түсініктеме берді
sportplustv.kz

Әлеуметтік желіде боксшы Сәкен Бибосыновтың Мырзағали Айтжановтың ізімен ұлттық құрамадан кететіні жайлы расталмаған ақпарат тарап жүр. Бұл сөздің рас-өтірігін Qaz365.kz тілшісі боксшының өзінен сұрап көрді. 

— Олай емес. Біреулер жаза береді. Адамдарға таңғалам. Алла сақтасын. Олай айтқан жоқпын. Оны менің атымнан біреулер шығарып жатыр. Адамдар қазір назарға түсу үшін не істемей жатыр!? - дейді ол.

Демек, бұл сөзді боксшы жоққа шығарады.

— Әрине, мен ешкімге олай деп сұхбат берген жоқпын. Бес-алты адам маған сондай ақпаратты жіберіп жатыр, - дейді Бибосынов.

Айта кетейік, 51 келіге дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов спорттық карьерасындағы Париж Олимпиадасынан жүлдесіз оралды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →