×

Астана әкімі боксшы Оралбайға 10 млн теңге беріп, су жаңа көлік мінгізді

Сыйлықтар демеушілер есебінен тарту етілді

Астана әкімі боксшы Оралбайға 10 млн теңге беріп, су жаңа көлік мінгізді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбаймен және оның жаттықтырушысы Асқар Еркебаевпен кездесті. Кездесу барысында спортшыға сый-құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы елорда әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Нұрбек Оралбай еліміздің әрі қаламыздың атынан сынға түсті! Оның бұл жетістігінің артында мыңдаған сағаттық жаттығулар, сол сияқты отбасының, жаттықтырушысының және туыстарының қолдауы мен өзіне деген сенімі жатыр», - деді Жеңіс Қасымбек.

Демеушілер есебінен Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender автокөлігінің кілті, ал жаттықтырушысына 10 млн теңгенің сертификаты табыс етілді.

«Спортшыларымызға биік-биік шыңдарды бағындыруын тілеймін!», - деп қорытындылады қала әкімі.

Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасында күміс медаль иеленіп, қазақ боксшыларының ішінде жалғыз жүлдені ел қоржынына салды. Ол финалда украин боксшысы Хижнякқа есе жіберді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жастар арасында Қазақстан Республикасының 19-шы чемпионаты өз мәресіне жетті
Құрамамыздың еншісінде үш ұпай ғана бар.
Ол тек Олимпиада чемпионы Лю Хуаньхуадан ұтылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →