Қоссайыс қорытындысы бойынша ол 220 килограмм нәтижені көрсетті
Қазақстандық спортшы Зульфия Чиншанло Бахрейнде өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Қоссайыс қорытындысы бойынша ол 220 (95+125) килограмм нәтижені көрсетті.
Күміс жүлдені 210 килограмм көтерген қытайлық Линлу Лю иеленді. Үздік үштікті өзбек спортшысы Нигора Абдуллаева 193 килограмм нәтижемен аяқтады.