×

Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

Қоссайыс қорытындысы бойынша ол 220 килограмм нәтижені көрсетті

Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды
Prosport.kz

Қазақстандық спортшы Зульфия Чиншанло Бахрейнде өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Қоссайыс қорытындысы бойынша ол 220 (95+125) килограмм нәтижені көрсетті.

Күміс жүлдені 210 килограмм көтерген қытайлық Линлу Лю иеленді. Үздік үштікті  өзбек спортшысы Нигора Абдуллаева 193 килограмм нәтижемен аяқтады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

100 мың АҚШ доллары: Чемпиондардың аналары да марапатталды
31.05.2023ж. 23:16

100 мың АҚШ доллары: Чемпиондардың аналары да марапатталды

Құрамамыздың жеңіске жетуіне зор үлесін қосып жүрген команда өкілдері – бапкерлік құрам, кеңесшілер, кешенді ғылыми топ мүшелері де назардан тыс қалмады
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда чехиялық 16 жасар Бренда Фрухвиртовамен кездесті
Рыбакинаның қарсыласы чехиялық 16 жастағы теннисші Бренда Фругвиртова болады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →