Ауыл тұрғындары оған ерекше құрмет көрсетті
Дзюдо күресінен Париж Олимпиадасында қола жүлде алған Ғұсман Қырғызбаева Түркістан облысының Төлеби ауданына қарасты Диханкөл ауылының тұрғындары ерекше құрмет көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Айта кетейік, егіз балуандар – Ғұсман және Ғұмар Қырғызбаевтар бұрынғы Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Түркістан облысының Төлеби ауданына қарасты Диханкөл ауылында туып өскен. Кейін көршілес Ордабасы ауданына көшіп кеткен.
Олимпиаданың қола жүлдегеріне жерлестері шапан жауып, қомақты сый-сияпат табыстап, ауыл тұрғындарының ұйымдастыруымен сәйгүлік мінгізді.
Бұған дейін кәсіпкер, ҚР дзюдо федерациясының экс-президенті Кеңес Рақышев көлік сыйлаған болатын. Сондай-ақ спортшыға Алматы әкімі Ерболат Досаев бір бөлмелі пәтер, ақшалай сертификат және жаңа автомобильдің кілтін табыстады. Алматы қаласының дзюдо федерациясы да Toyota Prado тізгіндеткен. Одан бөлек қазір тұрып жатқан Алматы қаласының “Ақкент” шағын ауданының тұрғындары ерекше құрмет көрсетті.