×

«Бес жылда бөлген ақша екі есеге өсті, бірақ нәтиже жоқ»: Тоқаев Олимпиада нәтижесін сынға алды

Ұлттық олимпиада комитетінің беделін көтеру туралы міндет жүктеді

«Бес жылда бөлген ақша екі есеге өсті, бірақ нәтиже жоқ»: Тоқаев Олимпиада нәтижесін сынға алды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, соңғы бес жылда жоғары жетістіктер спортына шығын екі есе өскен, бірақ соған лайық нәтиже жоқ, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Салалық министрлік, Ұлттық олимпиада комитеті, өңірлердегі спорт басқармалары мен федерациялардың жұмысында олқылық көп әрі өзара үйлесімді жұмыс жоқ деп санаймын. Қазіргі жағдайға қарағанда, спорт функционерлері саланы дамытумен емес, миллиардтаған бюджет қаржысын игерумен әлек. Олар түпкі нәтижеге бас ауыртпайды. Спорт саласында жемқорлық фактілері жиі кездеседі. Бұл тек отандық спорттың дамуына ғана емес, елдің абырой-беделіне нұқсан келтіреді. Мұндайға жол беруге болмайды!» – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл ретте президент бүгінде әр өңір қандай спортты қолдайтыны туралы шешімді өз бетінше қабылдайтынын сынға алды. Үкіметке жағдайды бақылауға алып, спортқа қатысты мекемелердің барлық деңгейіндегі басқару вертикалін қалпына келтіру жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар еліміздің спорт қауымдастығы мен шетелде Ұлттық олимпиада комитетінің беделін көтеру туралы міндет жүктеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев
Бүгін, 14:16

Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев

Клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді
Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты
2016 жылы РФ президенті Владимир Путиннің қолынан Ресей азаматтығын алған.
2024 жылдың маусымында Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →