×

Жетісу облысында бірнеше жаңа спорт нысандары салынып жатыр

Облыс әкімдігі биыл өңір бойынша 14 спорт нысандарының ел игілігіне қолданысқа берілетінін айтты

Жетісу облысында бірнеше жаңа спорт нысандары салынып жатыр

Спорт саласында биік тұғырдан көрінген спортшылардың басым бөлігі ауылдан шыққан. Сол себепті Жетісу облысы ауылдарда спорт нысандарын көбейтуге назар аударып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыс әкімдігі биыл өңір бойынша 14 спорт нысандарының ел игілігіне қолданысқа берілетінін хабарлады.

Атап айтсақ, Алакөл ауданына қарасты Лепсинск ауылында дене шынықтыру және спорт кешені, Панфилов ауданы Үшарал ауылында дене шынықтыру және спорт кешені, Сарқан ауданына қарасты Алмалы ауылында дене шынықтыру және спорт кешені, Текелі қаласында дене шынықтыру және спорт кешені, Талдықорған қаласында волейболдан оқу-жаттығу спорт кешені, Ақсу ауданындағы Қапал ауылында және Панфилов ауданы Көктал ауылында анғар типті спорт кешендерінде құрылыс қарқынды жүргізіліп жатқаны жайлы айтылған.

Одан бөлек, биыл Жетісу орталық стадионы реконструкциядан өткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →