×

Грек-рим күресі: қос балуанымыз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екі медаль түсті

Грек-рим күресі: қос балуанымыз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Фото: olympic.kz

Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екі медаль түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Грек-рим күресінен 55 келіде сынға түскен Айбек Айтбеков өз салмағында үздік үштікке енді. Айбек кіші  финалда молдовалық Максим Сармановты 10:1 есебімен жеңді. Бұл салмақта алтынды Иран, күмісті АҚШ балуаны иеленсе, тағы бір қола жүлде ресейлік Әлібек Амировтің еншісінде.

87 келі салмақта сынға түскен Темірлан Тұрдақын да әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді. Қола медаль үшін күресте Темірлан армениялық Рубен Геворгянды жеңді.  Тағы  бір қола медальді Грузия балуаны иеленген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда жанкүйерлер мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ескерткішіне гүл қойып жатыр
Бүгін, 17:55

Алматыда жанкүйерлер мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ескерткішіне гүл қойып жатыр

Шайдоров спорттық карьерасына Денис Теннің жеңістері әсер еткенін айтқан
Жарысқа 10 мен 75 жас аралығындағы спортшылар қатысты
Президент Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →