×

Ризабек Айтмұқан екі дүркін әлем чемпионы атанды - видео

Ол финалда әзірбайжандық спортшы Хетаг Карсановті таза жықты

Ризабек Айтмұқан екі дүркін әлем чемпионы атанды - видео
Фото: instagram.com/unitedworldwrestling/

Еркін күрестен Ұлттық құрамамыздың көшбасшысы Ризабек Айтмұхан (97 кг) Испанияның Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгі палуандар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол финалда әзірбайжандық спортшы Хетаг Карсановті таза жықты. Есеп: 10-0.

Кеше іріктеуде Ризабек Айтмұхан қарсыластарын сенімді ұтқан

1/8-де ирандық Абулфазл Дәуіт Бабало 12-1.

Ширек финалда грек Николаос Караванос 12-1.

Жартылай финалда америкалық Жастен Ли Радемахер 9-1.

Еске сала кетейік, Ризабек былтыр тамызда 20 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионатында 92 кг дейінгі салмақта күміске ие болған. Амман қаласында финалда ирандық Мұхаммадмобин Азимиге есе жіберген.
Ал былтыр қыркүйекте Белградта еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанған.

Ұлттық құраманың тағы бір өкілі Камиль Куруглиев (92 кг) ертең қола жүлдеге таласады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Қазақстаннан Бектенов қатысты». Мирзиёев өзбек футболшыларына 40 көлік сыйлады
Кеше, 14:11

«Қазақстаннан Бектенов қатысты». Мирзиёев өзбек футболшыларына 40 көлік сыйлады

Сонымен бірге, құрама сапындағы физиотерапевттер, аудармашылар және медиа бөлімінің қызметкерлері де мемлекеттік марапаттарға ие болған
2014 жылы дебюттік ойынын өткізіп, содан бері 63 матчта 3 гол соққан
Бұл- оның мансабындағы ең жоғары нәтиже. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →