×

Астанаға келген Ердоғанның ұлы қазақ тілінде сөйлеп, көпшіліктің қошеметіне ие болды

Зал оның қазақ тілінде сөйлегенін қолпаштап қарсы алды

Астанаға келген Ердоғанның ұлы қазақ тілінде сөйлеп, көпшіліктің қошеметіне ие болды
Скриншот

Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іс-шараны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шет мемлекеттерден келген мәртебелі меймандармен және жұртшылықпен бірге тамашалады.

«Астана Арена» стадионында өткен шараға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Татарстан Республикасының Раисы Рустам Минниханов, Саха Республикасының басшысы Айсен Николаев, Моңғолияның бұрынғы президенті Энхбаяр Намбарын, Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған, сондай-ақ ЮНЕСКО, АӨСШК, БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, ТҮРКСОЙ, Түркі инвестициялық қоры, Түркі мемлекеттерінің Парламенттік ассамблеясы, Ислам спорт қауымдастығы, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының басшылары, Еуропа Одағының Орталық Азиядағы арнайы өкілі және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

Дүбірлі доданың ашылу салтанатында қазақ жерін мекен ететін түрлі этнос өкілдерінің балалары Қазақстан Республикасының Туын алып шықты. Бұдан кейін еліміздің Әнұраны шырқалды.

Қалыптасқан дәстүр бойынша жарысқа қатысушы мемлекеттер спортшыларының шеруі өтті. Биылғы Көшпенділер ойындарына Азиядан, Еуропадан, Солтүстік және Оңтүстік Америкадан, Африкадан, сондай-ақ Австралиядан спортшылар келді.

Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған жиында қазақша сөйледі.

«Қазақстан Республикасының аса мәртебелі Президенті, ардақты қонақтар, қадірменді спортшылар, қымбатты жастар және түрлі спорттың жанкүйерлері. Баршңызға шын жүректен өз сәлемімді жолдаймын», - деді ол.

Зал оның қазақ тілінде сөйлегенін қолпаштап қарсы алды.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын еліміздің «Қазақстан», «Қазспорт», «Хабар», «Ел арна», «Жібек жолы», «Silk Way», «Sport Plus» арналарымен қатар, Түркияның TRT AVAZ арнасы, Қырғызстанның 5 телеарнасы, халықаралық «Мир», «Мир 24» арналары, Ресейдің «Старт LIVE» спорт арнасы, Татарстанның «ТНВ Қазан» телеарнасы, Өзбекстан мен Түркіменстанның мемлекеттік арналары тікелей эфирде көрсетеді.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Көшпенділер ойындары тарихында бұндай халықаралық деңгейде ауқымды телехабар тарату бірінші рет қолға алынып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Қатты намысыма тиді»: Елдос Сметов ренішін айтты
Кеше, 14:48

«Қатты намысыма тиді»: Елдос Сметов ренішін айтты

Елдос Сметов Париж Олимпиадасында 60 келіде топ жарды
Ол қазақстандық журналист берген сұхбатында сыйлықтардан бас тартқанын айтты
12 қыркүйекте қазақ көкпаршылары 5:4 есебімен қырғыз спортшыларынан басым түскен болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →