×

Билет бағасы 12 мың: Қазақстан мен Қырғызстан көкпар және көкбөріден финалда кездеседі

Айыр қалпақты ағайын көкпарға негізгі құрамын әкелді

Билет бағасы 12 мың: Қазақстан мен Қырғызстан көкпар және көкбөріден финалда кездеседі

V Дүниежүзілік көшпенділер ойынындағы ең басты жарыстардың бірі көкпар мен көкбөрі. Екі ойынның финалында да Қазақстан мен Қырғызстан кездеседі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Көкпар мен көкбөрінің басты айырмашылығы – біреуінде серкені шеңберге, екіншісінде қазандыққа салады. 

«Қазанат» ипподромында қазақстандық көкпаршылар жартылай финалда Ресей командасын жеңді. Қазақстан құрамасы бұл ойында, 18 салым салса, ресейлік көкпаршылар серкені шеңберге небәрі 2 рет қана дүп тастай алды. Қорытынды есеп – 18:2.

Енді финалда Қазақстан Қырғызстанмен кездеседі. Айыр қалпақты ағайын көкпарға негізгі құрамын әкелді.

Көкпардың финалы ертең, яғни 12 қыркүйек Қазақстан уақытыме 10:00-де басталады. Билет бағасы – 12 мың теңге.

Ал көкбөріден Қазақстан командасы жартылай финалда Түркия құрамасын 15:1 есебімен жеңді. Қырғыздар ресейліктерді ұтты. Сөйтіп, финалда Қазақстан мен Қырғызстан жолығатын болды. 
Көкбөрінің финалы 12 қыркүйек 15:00-де басталады. Билет бағасы 9 мың теңге.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Қазақстаннан Бектенов қатысты». Мирзиёев өзбек футболшыларына 40 көлік сыйлады
11.06.2025ж. 14:11

«Қазақстаннан Бектенов қатысты». Мирзиёев өзбек футболшыларына 40 көлік сыйлады

Сонымен бірге, құрама сапындағы физиотерапевттер, аудармашылар және медиа бөлімінің қызметкерлері де мемлекеттік марапаттарға ие болған
2014 жылы дебюттік ойынын өткізіп, содан бері 63 матчта 3 гол соққан
Бұл- оның мансабындағы ең жоғары нәтиже. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →