×

«Қазақтарда титтей намыс болса, мұндай жеңісті тойламайды деп ойлаймын»: Қырғыз көкпаршысы жарыстан кейін ренішін айтты

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы финал 5:4 есебімен аяқталды

«Қазақтарда титтей намыс болса, мұндай жеңісті тойламайды деп ойлаймын»: Қырғыз көкпаршысы жарыстан кейін ренішін айтты
Видеодан скриншот

Бүгін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында көкпардан Қазақстан мен Қырғызстан финалда кездесті. Астанадағы «Қазанат» атшабарындағы кездесуде Қазақстан  қосымша уақытта 5:4 есебімен жеңіске жетті. Ал қырғыз спортшылары мен жанкүйерлері әділетсіздік болды деп бұл жеңіспен келіспейді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Әділетсіз болатынын алдын-ала білдік, бірақ сорақылық дәл осылай өрбиді деп ойлаған жоқпыз. Төрешілер бізді балағаттады, ал полиция мен арнайы жасақ ойыншыларымызды сабады. Маған ҰҚК қызметкері келіп, куәлігін көрсетіп, суретке түсіріп алды да «халықтар арасына алауыздық туғызып жатырсың» деп қорқыта бастады. Қысым өте қатты болды.  Бірінші таймда 3:1 есебімен алға шыққан соң, төбелес басталды. Сол кезде бізге қайта шығып ойнауды ұсынды. Әділ болатынын айтты. Екінші таймда  өкінішке қарай олай болмай шықты. Қазақстан тарапы осындай әділетсіздік пен ұйымдастыру ісінен қателік жібереді деп ойлаған жоқпыз. Егер оларда титтей намыс болса, мұндай жеңісті тойламайды. Біздің жігіттер барын салды. Мен үшін бұл 12 ойыншы – чемпион», – дейді Қырғызста құрамасының басшысы Эрлан Абдыкапаров.

Айта кетейік, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы финал 5:4 есебімен аяқталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев
Бүгін, 14:16

Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев

Клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді
Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты
2016 жылы РФ президенті Владимир Путиннің қолынан Ресей азаматтығын алған.
2024 жылдың маусымында Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →