×

«Әкем мен туғанда ренжіпті»: боксшы Назым Қызайбай жан сырын бөлісті

Назым Қызайбай Париж Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған болатын

«Әкем мен туғанда ренжіпті»: боксшы Назым Қызайбай жан сырын бөлісті
Фото: Сали Сабиров

Бұл жайлы бокстан Париж олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай «Айгерім Сейфолламен сырласу» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Боксшы сұхбат барысында журналистің «Отбасыңда үшінші бала екенсің. Әкең өмірге ұл баланың келгенін қалапты» дегенде анасынан естігенін баяндап берді.

 «Анам солай деп айтты. Өз басым әкемнен осы уақытқа дейін сұрамаппын. Анамның айтуынша маған екіқабат кезде ағам бар, әпкем бар, содан әкем үшінші бала ұл болады деп күткен екен. Кейін анам босанып, мен дүниеге келгенде әкем ренжіп ауруханаға  2-3 күн келмей қойды деді. Шығарып алуға келген. Сөйтіп айтқан. Мен өзім бала кезімде қыздарға қарағанда ұлдармен жақсы тіл табысатынмын. Құрбы қыздар болса да ұлдармен асық ойнап, фишка, футбол ойнап  жүретінмін. Қыздар сияқты тамақ пісіріп, қуыршақ ойнауға еш қызық емес еді. Солай өскенмін» - деді чемпион ару.

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Париж Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған болатын. Спортшы бұл марапатын жекпе-жектен кейін үш күн өткен соң алған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Көптен күткен жекпе-жек. Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Бүгін, 23:13

Көптен күткен жекпе-жек. Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Отандасымыз Шавкат Рахмонов MMA-да 18 жекпе-жек өткізіп, бәрін уақытынан бұрын жеңген
Ол германиялық Сара Ишті мерзімінен бұрын жеңді
8-13 қыркүйек күндері Қазақстан астанасында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті
Надаль – теннис тарихындағы ең табысты спортшылардың бірі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →