×

Екі дүркін Олимпиада чемпионы Бахадүр Жалолов көлік, пен қаржылай сыйақылардан бас тартты

Ол қазақстандық журналист берген сұхбатында сыйлықтардан бас тартқанын айтты

Екі дүркін Олимпиада чемпионы Бахадүр Жалолов көлік, пен қаржылай сыйақылардан бас тартты
Фото: 2024 Getty Images

Өзбекстан тарихында екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған үш спортшы бар. Соның бірі – аса ауыр салмақты боксшы Бахадүр Жалолов. Ол қазақстандық журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында халық пен кәсіпкерлердің берген сыйлығынан бас тартқанын айтқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Өзбекстанға келіп, Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Баходир Жалоловтан сұхбат алу бұйырды. Сұхбат кезінде мен одан кәсіпкерлер мен халық қандай сыйлық бергенін сұрадым. Ол «мемлекеттен алғаным жетеді, қарапайым халықтан, кәсіпкерлерден алып байып кетпеймін, ол сыйлықты о дүниеге алып кетпеймін, Олимпиаданы екі рет жеңсем елімнің абыройы үшін жеңдім» деп жауап берді. Ал біздегі жағдай ше? Анау пәтер берді, мынау көлік берді, ат мінгізді деп жазып жатыр. Айналайын алтындарым, сіздер ел намысын қорғауға бардыңыздар ма, әлде дүние жинауға бардыңыздар ма?» – дейді журналист Нұрсейіт Жылқышыбай.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанның Халықаралық дзюдо федерациясындағы (IJF) өкілдігі кеңейді
Бүгін, 16:49

Қазақстанның Халықаралық дзюдо федерациясындағы (IJF) өкілдігі кеңейді

Қазақстандықтар Халықаралық дзюдо федерациясында жетекші қызметтерге тағайындалды
Комиссия ынтымақтастықты нығайтуға, инновацияларды дамытуға және дзюдоны әлеуметтік даму үшін жаһандық құрал ретінде ілгерілетуге ықпал ететін болады.
Спортшы өз жолында қолдау білдірген жандарға ерекше алғыс айтты.
Бүгін ширек финал мен жартылай финал кездесулері өтеді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →