×

Қазақстан қыздары шахматтан Олимпиада ойындарында күміс медаль алды

Бұған дейін қыздарымыз 2022 жылы Үндістанда өткен Олимпиадада 5-орынға тұрақтаған болатын

Қазақстан қыздары шахматтан Олимпиада ойындарында күміс медаль алды
Фото: Мария Емалианова

Мажарстан астанасы Будапешт қаласында шахматтан 45-ші Олимпиада ойындары аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қазақстан қыздар құрамасы күміс жүлдеге ие болды. Соңғы ойында жерлестеріміз АҚШ құрамасымен жолықты. Бұл кездесу тең аяқталды. Сөйтіп 11 турда 18 ұпай жинаған Қазақстанға екінші орын бұйырды.
Чемпиондық Үндістанға бұйырды (19 ұпай).

Бұған дейін қыздарымыз 2022 жылы Үндістанда өткен Олимпиадада 5-орынға тұрақтаған болатын. 

Қазақстан намысын Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман, Амина Қайырбекова қорғады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді
Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты
2016 жылы РФ президенті Владимир Путиннің қолынан Ресей азаматтығын алған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →