×

Михайловичті әбден қинап, күші біткенде нокаутқа түсірдім – Жәнібек Әлімханұлы

Бүгінгі бокс кеші Аустралияның Сидней қаласындағы The Star аренасында өтті

Михайловичті әбден қинап, күші біткенде нокаутқа түсірдім – Жәнібек Әлімханұлы
Фото: Facebook/BerikSultan

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) бүгін жаңазеландиялық Андрей Михайловичтен басым түсті. Жекпе-жектен кейін отандасымыз бүгінгі кездесу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Барлығын ерте сездім, соққы өткізіп көрдім. Ара қашықтықты дұрыс ұстадым. Қарсыласымның тілі ұзын. Баспасөз конференциясында көп сөйледі. Негізі 6-7 раундта құлатамын деп едім. Оған сол сөздері үшін әдейі созып, қинағым келдім. Күші таусылып, әбден біткен кезде іске кірістім. Сөйтіп 9-раундта құлаттым», - дейді Жәнібек Әлімханұлы.

Отандасымыз қарсыластың соққысын сезген жоқпын деп айтты. Михайловичтің соққысы әлсіз деп отыр.

 


«Қарсылас екінші раундтан кейін тактикасын өзгертті. Нокдауннан кейін баспен ішке кіре берді. Мен жақындасам төрешілер ескерту жасап, қарсыласқа болыса береді. Өйткені жекпе-жек соның елінде өтіп жатыр. Екінші раундтан кейін жасанды создым. Ал сегізінші раундтан кейін ұрып құлатуды ойладым. Батырлар оянады ғой, бізде де солай болды», - дейді боксшы.


Бүгінгі бокс кеші Аустралияның Сидней қаласындағы The Star аренасында өтті. Қазақ боксшысы жаңазеландиялық Андрей Михайловичті 9-раундта нокаутпен жеңді.
Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабындағы он алтыншы жекпе-жегін жеңіспен аяқтап, IBF және WBO титулдарын сәтті қорғады, ал Андрей Михайлович өз мансабында алғашқы жеңілісіне ұшырады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жәнібекң Әлімханұлы кәсіби мансабында он алтыншы жеңіске жетіп, IBF және WBO белбеулерін сәтті қорғады
Әлем чемпионатына 67 елден 531 жас татами шебері өзара мықтыны анықтауда
Жәнібек таразыда 171,7 фунт (77,6 кг) көрсетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →