×

«Ең көп ақша алатын қоманда»: Нұрлан Қоянбаев «Барыстың» кезекті жеңілісінен соң ашуланды

Ол «Астана» велокомандасының құрамы туралы да айтты

«Ең көп ақша алатын қоманда»: Нұрлан Қоянбаев «Барыстың» кезекті жеңілісінен соң ашуланды
Фото: ашық дереккөзден

Танымал кинопродюсер, актер Нұрлан Қоянбаев бюджет көп қаржы алып, алайда ешқандай нәтиже көрсетпейтін хоккейшілер мен велоспортшылар туарлы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Барыс» неше жыл бюджеттен ақша алып жатыр? Неге журналистер осыған мән бермейсіздер? Құрама нәтиже көрсетпейді! Көрші елдің чемпионатында соңғы орында жүр. Миллиардтаған ақша айтысқа немесе көкпарға бөлінсін! Қазақстанда бюджеттен ең көп ақша алатын команда, үйде 1-10 болып ұтылып жатыр», - деп жазды Нұрлан Қоянбаев.

Ол «Астана» велокомандасының құрамы туралы да жазды.

«Астана велокомандасы да жүр жыл сайын бюджеттен ақша алып. Араларында бір қазақ жоқ, нәтиже де жоқ. Құрметті журналистер осыларға мән берейікші», - деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін «Барыс» хоккей клубының жаңа маусымдағы ойыншыларының жалақысы туралы жазған едік.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Денис Тенді өлтіргендер Жоғарғы сотқа кассациалық шағымды тамыз айында түсірген
Әлімханұлы өз салмағындағы чемпиондарға арнап желіде жазба қалдырды
Бұл әлем емпионаты Лос Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →